WBA рейтингінің жаңартылған нұсқасындағы қазақстандық боксшылардың орны белгілі болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Дүниежүзілік бокс қауымдастығы (WBA) барлық салмақ дәрежелері өкілдері рейтингтерінің жаңартылған нұсқасын ұсынды. Бұл туралы ҚазАқпарат Sport.kz сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Сіздердің назарларыңызға Қазақстан боксшыларының позицияларын ұсынамыз:

Бірінші ауыр салмақ дәрежесінде Бейбіт Шүменов «кәдімгі» WBA әлем чемпионы атағын сақтап қалды. «Супер чемпион» атағы француз Арсен Гуламирянға тиесілі, ал рейтингтің алғашқы орнында бельгиялық Рияд Мерхи орналасқан.

Екінші орта салмақ дәрежесінде WBA International чемпионы Айдос Ербосынұлы екінші орында қалды. Бірінші орында кубалық Давид Моррелл болса, үшінші орында америкалық боксшы Дэвид Бенавидес. WBA Super чемпионы белбеуі мексикалық Сауль «Канело» Альвареске тиесілі.

Жәнібек Әлімханұлы позициясын өзгерткен жоқ және орташа салмақ дәрежелері кестесінде 15-орынға жайғасты. Үш көшбасшы қатарына британдық кіші Крис Юбэнк, ресейлік Магомед Мадиев және АҚШ өкілі Карлос Монро кірді. Қазіргі уақытта осы санаттағы жалғыз әлем чемпионы – WBA Regular титулының иегері жапониялық Риота Мурата.

Жартылай орта салмақ дәрежесінде WBA Continental Americas чемпионы Батыр Жүкембаев рейтингте әлі 13-орында тұр. WBA Super титулын британдық Джош Тейлор иеленеді, Үздік үштік қатарында: доминикалық Альберто Пуэлло, ұлыбританиялық Льюис Ритсон және кубалық Рэнсес Бартелеми.


Соңғы жаңалықтар