WBA рейтингінде қазақстандық боксшылардың орны қандай

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы (WBA) барлық салмақ санаты бойынша жаңартылған рейтингті жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz. сайтына сілтеме жасап.

Бірінші ауыр салмақта Бейбіт Шүменов «қарапайым» әлем чемпионы атағын сақтап қалды.

Екінші орта дивизионда WBA International, WBC Asia және WBO Global чемпионы Айдос Ербосынұлы екінші орында қалды. Бірінші орында – кубалық боксшы кіші-Дэвид Моррелл. Үшінші орын Гайана боксшысы кубалық Леннокс Алленге тиесілі. Осы санаттағы WBA Super әлем чемпионы –британдық Каллум Смит.

WBC Continental Americas белбеуінің иегері – бірінші жартылай орта салмақтағы Батыр Жүкембаев өз санатының рейтингінде әлі де 15-орында тұр. Үздік үштікті Альберто Пуэлло (Доминикан Республикасы), Льюис Ритсон (Ұлыбритания) және Рансес Бартелеми (Куба) бастап тұр.

«Супер чемпион» титулы британдық Джош Тэйлорға тиесілі.


Соңғы жаңалықтар