WBA-ның жаңартылған рейтингіндегі қазақстандық боксшылардың орны қандай

None
Photo from open sources
АСТАНА. ҚазАқпарат - Дүниежүзілік бокс қауымдастығы (WBA) барлық салмақ дәрежесіндегі боксшылар рейтингінің жаңа нұсқасын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аса ауыр салмақтағы Жан Кособуцкий 12-ші, Иван Дичко 15-ші орында қалды. Осы салмақтағы WBA әлем чемпионы украиналық Александр Усик, ал үздік үштікке америкалық Деонтей Уайлдер, Конго ДР өкілі Мартин Баколе мен британдық боксшы Энтони Джошуа кіреді.

Бірінші ауыр салмақтағы Серік Мұсаділов әлі 15-ші орында. Бұл салмақтағы чемпиондық белбеу франциялық Арсен Гуламирянға тиесілі. Рейтингте кубалық Юниэль Дортикос көш бастап тұр, одан кейін ресейлік Алексей Егоров және тағы бір кубалық боксшы Майк Перес жайғасқан.

Екінші орта санатта Бек Нұрмағанбет әлі де сегізінші орында. Бұл салмақтағы абсолютті чемпион — мексикалық Сауль «Канело» Альварес, ал бірінші үштікте америкалық Деметриус Андраде, канадалық Эрик Базинян және француз боксшысы Кристиан Мбилли бар.

Сұлтан Зәуірбек осы рейтингте екінші жартылай жеңіл салмақтағы орнын өзгертіп, 10-шы орынға жайғасты. Бұл салмақтағы WBA әлем чемпионы- доминикалық Эктор Луис Гарсия. Бірінші орында - америкалық кіші Ламонт Роуч, одан кейін Грузия өкілі Отар Эраносян және ирландиялық боксшы Джоно Кэрролл.

Евгений Павлов екінші жеңіл санат рейтингінде алтыншы орынды сақтап қалды. Бірінші орында - Томоки Камеда (Жапония), екінші орында — Муроджон Ахмадалиев (Өзбекстан), үшінші орында — Кевин Гонсалес (Мексика). Осы санаттағы WBA Super титулв филиппиндік Марлон Тапалеске тиесілі.


Соңғы жаңалықтар