WBA Головкиннің салмағында не себепті жаңа чемпион тағайындалғанын түсіндірді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Дүниежүзілік бокс қауымдастығы (WBA) жапондық боксшы Риота Муратаны (16-2, 13 КО) орта салмақтағы әлем чемпиондығына тағайындау туралы шешімді түсіндірді, деп хабарлайды Sports.kz.

Бұдан бұрын Мурата WBA «тұрақты» чемпионы болған еді, бірақ мексикалық Сауль «Канело» Альварес WBA Super титулынан бас тартқаннан кейін жапондықты ұйымның «суперчемпионы» етуге шешім шығарды.

Еске сала кетсек, орта салмақта қазақстандық боксшы Геннадий Головкин чемпион болып табылады. Ол - IBF және IBO белбеуінің иегері.


Соңғы жаңалықтар