WBA Головкиннің келесі жекпе-жегі туралы ресми шешім қабылдады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Инсайдер Дэн Рафаэльдің ақпаратына сәйкес, Дүниежүзілік бокс қауымдастығы WBA нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Эрисланди Лараның WBA Super толық титулының иесі Риота Муратамен жекпе-жек тағайындау туралы сұранысын қабылдамады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Муратаның желтоқсанда IBF/IBO чемпионы Геннадий Головкинмен бірлескен жекпе-жек өткізетіні туралы белгілі. Ұйым осы жоспарды ұстанбақ.

«Лара WBA-дан оған Муратамен жекпе-жек тағайындауын сұраған, бірақ маған WBA-ның желтоқсанға жоспарланған GGG-Мурата унификациясын санкциялап жатқаны айтылды», - деді Twitter-де Рафаэль.

Головкин мен Муратаның айқасы желтоқсанда Жапонияда болады деп күтіледі.



Соңғы жаңалықтар