WBA бойынша бокстан уақытша әлем чемпионы Жанат Жақияновты жерлестері ыстық ықыласпен қарсы алды (ФОТО)

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Петропавл қаласындағы теміржол бекетінде солтүстікқазақстандықтар жерлестері, жеңіл салмақ дәрежесінде WBA бойынша бокстан әлем чемпионы Жанат Жақияновты ыстық ықыласпен қарсы алды. Спортшы Монакодағы тамаша жеңісінен соң үйіне оралды.

Еске салайық, 8 қарашада Монакода WBA (interim WBA World bantamweight title) нұсқасы бойынша уақытша әлем чемпионы атағы үшін қазақстандық Жанат Жақиянов пен венесуэлалық Йонфрез Парехо кездесті. Жекпе-жек барлық 12 раунд бойынша өтті және төрешілердің бөлек шешімімен жеңіс қазақстандық боксшыға бұйырды.

«Қарсыласым өте мықты болды, не дегенмен, чемпион ғой. Жекпе-жек барысында бірдей күш танытқанымызбен, ол менің шабуылдарымнан тайқып кетіп отырды. Ақыры сегізінші раундта, бокс тілімен сөйлегенде, ол «жүзіп кетті». Бұл жекпе-жекке екі қорытынды чемпиондық раунд нүкте қойды. Мен басымдыққа ие бола алдым. Шаршы алаңдағы шайқасқа көңілім толды», - дейді Жанат Жақиянов.

Спортшының айтуынша, ол Англияда Рикки Хаттон мен Майк Джейсонның басшылығымен сегіз аптаны жаттығу лагерінде өткізіп, жекпе-жекке және бұл атақты қорғау үшін дайындыққа көп уақытын бөлді.

«Мен бұл жеңіске ұмтылдым. Енді демалып, отбасыммен уақыт өткізбекпін», - деп атап өтті боксшы. Бұл туралы Вконтакте желісіндегі Қазақстан кәсіби боксы парақшасында хабарланған.

Соңғы жаңалықтар