WADA спортшыларға COVID-19 қарсы вакцина егуді табанды түрде ұсынады

None
None
ЖЕНЕВА. KYODO-ҚазАқпарат – Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік (WADA) спортшыларға COVID-19 қарсы вакцина егуді табанды түрде ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Kyodo агенттігіне сілтеме жасап.

Биылғы жазда Токиода өтетін Олимпиада ойындарында допингке тапсыратын тест оң нәтиже көрсету мүмкін деп алаңдап отырған спортшыларды жігерлендірген агенттік екпені «өз денсаулығы, айналасындағы адамдар мен жалпы алғанда, Жапония тұрғындарының денсаулығы үшін» жасатуға шақырып отыр.

«COVID-19 вирусына қарсы вакцинаның тыйым салынған тізімдегі қандай да бір заттар немесе әдістерден құралғаны немесе қандай да бір жолмен допингке қарсы талдауға әсері бар екенін дәлелдейтін еш мәлімет жоқ», - делінген WADA-ның вирусқа қатысты құжатында.

Агенттік барлық қолжетімді ақпаратты бақылап, өз пікірі өзгерген жағдайда спортшыларға кеңес беріп, ақпараттандырып отыратынын қосып өтті.

Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) спортшыларды вакцина егуге мәжбүрленбейтінін, бірақ олар «ниеттестікті таныту» үшін екпе салдыртуы тиіс екенін мәлімдеді.

Британдық The Telegraph газеті өткен айда ХОК-тің Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен (ДДСҰ) бірлесіп, Токиодағы Олимпиада ойындарын өткізу үшін оған қатысатын барлық спортшыларды вакциналауды ұйымдастырып отырғанын жазды.

«Кез келген вакцина қалтырау, екпе салынған жердің ауырсынуы сияқты уақытша физиологиялық реакцияны тудыруы мүмкін, бірақ бүгінде рұқсат етілген вакциналардың спортшылардың қандай да бір нәтижелілігінің тұрақты төмендеуіне соқтыратындығына еш дәлел жоқ», - деп мәлімдеді WADA.


Соңғы жаңалықтар