+7 (701) 759 90 19
USD 376.51 EUR 418.91
RUB 6.13 CNY 54.90
Jańalyqtar

WADA Ресейді Олимпиададан төрт жылға шеттетті

2019 жылғы 9 желтоқсан 17:42
Бөлісіңіз:
WADA Ресейді Олимпиададан төрт жылға шеттетті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүкіләлемдік антидопинг агенттігі атқарушы комитеті (WADA) комитеттің ұсынысына сәйкес бірауыздан шешім қабылдады. Енді алдағы төрт жылда Ресей Олимпиада мен әлем чемпионаттарына қатыса алмайтын болды. Сонымен қатар, үлкен халықаралық турнирлерді де өткізе алмайды, деп хабарлайды ВВС.

Ұқсас жаңалықтар
Баландин Бейжіңдегі Champions Swim Series жарысының екінші кезеңіне қатысады Тель-Авивтегі гран-при турниріне қатысатын қазақстандық дзюдошылар анықталды Түркістандық спортшылар чемпионаттардан 400-ге жуық алтын медаль жеңіп алған

WADA ережесіне сәйкес, егер ұлттық антидопинг агенттігі статусынан айырылса, мемлекет халықаралық жарыстарды өткізу құқынан айырылады.

Ресейлік спортшылар өздерінің допинг қабылдамағанын дәлелдей алса, халықаралық жарыстарға бейтарап ту астында шығуға мүмкіндіктері бар.

Бүкіләлемдік антидопинг агенттігі атқарушы комитетіне жіберілген құжаттарда 2012-2015 жылдар аралығындағы Ресей спортшыларының сынақтары туралы ақпараттар сақталған болатын, бұл кезеңге, мысалы, Сочиде өткен Олимпиада ойындары сәйкес келіп тұр. Мекемедегілер антидопингтік ережелерді сақтауға қатысты тексеруді соңына дейін жеткізу үшін ақпараттарды сұратқан еді. Егер базадан кейбір ресейліктердің допинг қабылдағаны туралы мәліметтер тапқанда – жалпы ел емес, белгілі бір спортшылар ғана жауапкершілікке тартылар еді.

WADA комитеті Ресейді допингке қатысты мәліметтерге манипуляция жасады деп айыптауда.

Базадан жүздеген допинг-тест туралы мәліметтер өшірілген. Кейбір нәтижелер 2015-2016 жылдары жойылған. Кейбір манипуляциялар өткен жылдың желтоқсан айы мен осы жылдың қаңтар айында орын алған. Бұл кезде зертханада сарапшылар жұмыс істеуі керек еді. Құжаттардың мерзімдері манипуляцияны білдірмес үшін өзгертілген. Кем дегенде 145 ресейліктің антидопинг ережелерін бұзғаны тексеру барысында әшкереленді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Спорт, Ресей,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT