Вячеслав Салий Қостанай облыстық сотының төрағасы болып тағайындалды

None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облыстық сотының жаңа төрағасы таныстырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жоғарғы соттың әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Аслан Түкиев Қостанай өңірінің судьялар корпусына облыстық соттың жаңа төрағасы Вячеслав Салийді таныстырды.

Іс-шараға мемлекеттік және құқық қорғау органдарының басшылары қатысты.

«Вячеслав Васильевич көпшілігіңізге таныс: ол осы өңірдің тумасы, судьялық еңбек жолын осы жерден бастаған. Оның 35 жылдық судьялық тәжірибесі бар. Өзін сауатты судья және білікті басшы ретінде танытты, әріптестер арасында беделге ие», - деп атап өтті А.Түкиев.


Фото: Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар