Вячеслав Локшин: Бір жылда әйелдің бойына бала бітпесе, дәрігерге жүгіну керек

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан репродуктивті медицина қауымдастығының президенті, ҚР бас репродуктологы Вячеслав Локшин орталық коммуникациялар қызметінде бала сүйгісі келетін жұптарға кеңес берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бала сүюге әрекет еткеніне 1 жыл және одан да ұзақ уақыт болған жұптардың бәрі дәрігерге жүгінуі керек. Яғни, акушер-гинеколог пен урологқа барады. Сол жерде бірнеше талдау сынамасын тапсырып, қорытындысын күтеді. Өйткені бедеулік диагнозы 12 айдан кейін қойылады. Ал жұптардың жасы үлкен болса, жарты жылдан кейін жүгіну керек. Осыдан кейін бедеуліктің себебі анықталады», - деді Вячеслав Локшин.

Еліміздің бас репродуктологы «бедеулік» шағымымен жүгінгендердің жартысына дәрі-дәрмек, хирургиялық емдеу арқылы көмектесуге болатынын айтады.

«Қалғанына «эко» жасалады. Мысалы, әйелдің жатыр түтікшесі жоқ болуы мүмкін. Немесе еркектің сперматозоиды азайғаны сонша, жатырға бала бітпеуі мүмкін. Мұндай жағдайда олар репродуктолог маманға барып, квота бойынша экоұрықтандыру ұсынылған құжатты көрсетеді. Осыдан кейін кезекке тұрады. Қазір жылына 7000 квота беріледі. Сондықтан кезек бойынша мәселе болмауы керек», - деді маман.


Соңғы жаңалықтар