Вячеслав Локшин: Әр вакцина адамға салынбас бұрын жіті зерттеуден өткен

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Қазақстанда коронавирус пандемиясымен күрес жөніндегі «Ел үшін егілемін» азаматтық штабының мүшесі, акушер-гинеколог Вячеслав Локшиннің айтуынша, әр вакцина адамға салынбас бұрын жіті зерттеуден өткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өкінішке қарай, халық арасында коронавирус вакцинасының жөнді тексерілмегендігі, сынақтан өтпегендігі жайлы сөз тарап жүр. Азаматтарды мұндай алып-қашпа әңгімелерге сенбеуге шақырамын. Қандай вакцина болмасын адамға салынбас бұрын жіті зерттеуден өтеді. Белгілі бір ауру түріне екпе жасау ұзақ уақытты қажет етпейді. Мәселен, аденовирус векторына негізделіп жасалған «Спутник V» екпесінде COVID-19 инфекциясының бөлшектері бар. Ол өлі вирус адам ағзасына түскен кезде антидене қалыптастырады», - деді Вячеслав Локшин.

Вакцинаны әуелі жан-жақты сынақтардан өткізеді. Жануарларға салып, зерттеу жасалады. Бәрі ойдағыдай болып жатса ерікті азаматтарға егіліп, тексеріледі. Тек содан кейін ғана вакцина жаппай халыққа салына басталады.

«Бүгінгі таңда әлем бойынша 2 млрд адам коронавирусқа қарсы вакцина алған. Сондықтан ел тұрғындарын да тасада қалмай, өзінің және жақындарының денсаулығы үшін дұрыс шешім қабылдауға шақырамын. Тек екпе арқылы ғана коронавирусты жеңіп, бұрынғы өмірге орала аламыз», - деді акушер-гинеколог.


Соңғы жаңалықтар