Вячеслав Ким «Самұрық-Қазына» директорлар кеңесінің құрамынан шығарылды
2022 жылғы 26 қаңтар 16:44

Вячеслав Ким «Самұрық-Қазына» директорлар кеңесінің құрамынан шығарылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Вячеслав Константинович Ким «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры« АҚ Директорлар Кеңесінің құрамынан шығарылды. Бұл туралы KASE-нің ресми сайты жазды.

«Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған «Самұрық-Қазына« Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ (Нұр-Сұлтан) Директорлар Кеңесінің құрамынан өз бастамасы бойынша Директорлар кеңесінің мүшесі В.К.Ким шығарылғаны туралы Биржаға хабарлады» делінген хабарламада.

Енгізілген өзгерістерге сай, ендігі жерде «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры« АҚ Директорлар кеңесі алты адамнан тұрады: Джон Дудас, Онг Бун Хви, Лука Сутера, Саткалиев А.М., Акишев Д.Т., Куантыров А.С.


Jańalyqtar

MURAǴAT