«Вуэльта Испания» гранд-турына қатысатын Қазақстан велошабандоздары анықталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Astana Kazakhstan Team командасы 2022 жылғы «Вуэльта Испания» маусымының қорытынды Гранд-турына қатысатын құрамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.

Көпкүндік 19 тамыз бен 11 қыркүйек аралығында өтеді.

Команда құрамы: Мигель Анхель Лопес (Колумбия), Алексей Луценко (Қазақстан), Винченцо Нибали (Италия), Давид Де Ла Крус (Испания), Самуэле Баттистелла (Италия), Вадим Пронский (Қазақстан), Харольд Техада (Колумбия), Евгений Федоров (Қазақстан).

Жарыстағы спорт директорлары: Александр Шефер (Қазақстан), Стефано Занини (Италия), Марио Манцони (Италия), Джузеппе Мартинелли (Италия).


Фото: olympic.kz




Соңғы жаңалықтар