ВТБ Бірыңғай лигасы: «Астана» баскетболшылары эстониялықтарға есе жіберді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана» президенттік клубы ВТБ Бірыңғай лигасының тұрақты чемпионаты аясында эстониялық «Калев» командасымен кездесті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Қызықты әрі тартысты өткен матч нәтижесінде жеңіс паркет иелері - «Калев» клубына бұйырды, есеп - 104:74.

Айта кетейік, Таллин қаласының баскетболдан кәсіби ерлер клубы чемпионаттың 11 мәрте жеңімпазы және Эстония кубогының бірнеше дүркін иегері болып табылады.

19 ойыннан кейін ВТБ Бірыңғай лигасының кестесінде «Астана» - бесінші, «Калев» сегізінші орында тұр.

Лига аясындағы кезекті матчын елордалық клуб өз үйінде Беларусьтің «Цмоки-Минск» командасына қарсы өткізеді.

Ойын 17 наурыз күні «Сарыарқа» велотрегінде өтеді. Басталуы - сағат 20.00.

Аталмыш кездесу алдында «Астана» Алматыға аттанып, ел чепионаты аясында жергілікті командамен ойнайды. Матч 13 және 14 наурыз күндері өтеді. Қазақстан чемпионатында барлығы 7 клуб өнер көрсетуде. Астаналықтар 56 ұпаймен - бірінші орында, алматылықтар 44 ұпаймен үшінші орында келеді.

Авторы: Еламан Тұрысбеков

Соңғы жаңалықтар