Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: 4 °С
Алматы: 23 °С
USD 327.42 EUR 383.51
RUB 5.29 CNY 51.26
Жаңалықтар

Воронеж зообағында барлық құстардың көзі жойылады

2017 жылғы 9 қаңтар 14:11 1220
Бөлісіңіз:
Воронеж зообағында барлық құстардың көзі жойылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Құс тұмауына байланысты Воронеж зообағындағы барлық құстардың көзі жойылады. Бұл туралы Воронеж облыстық прокуратурасының сайтында хабарланды.

«Жаңажылдық мереке күндері Воронеж зообағында құстардың өлімі тіркелді, олардың арасында Қызыл кітапқа енгендері де бар. Алдын ала болжам бойынша, олар құс тұмауы инфекциясының тарауынан өлген. Осыған байланысты зообақтағы құстарды жаппай эвантазиялау туралы шешім қабылданды», - делінген хабарламада.

Қанаттылардың жаппай өлімі бойынша тексеру жұмыстары жүріп жатыр.

Воронеж зообағында 171 түрлі 1,5 мың жануар өмір сүреді. Атап айтқанда, 44 түрлі 159 құс бар. Оның жетеуі Ресейдің Қызыл кітабына енген. 

 

 


Басты сөздер: Ресей, Оқиға,
Бөлісіңіз:
Онлайн қызметкерлер
Редактор
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
Мұрағат