Волонтерлік жылын өткізуге дайындық басталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев 2020 жылдағы еріктілер жылын өткізуге қызу дайындық жүріп жатқанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Волонтерлікті дамыту аясында 2018-2020 жылдарға арналған волонтерлік қызметті дамыту бойынша жол картасы жүзеге асырылуда. Ұлттық волонтерлік желімен бірлесе биылғы сәуір айында qazvolunteer.kz онлайн-тұғырнама енгізілді. Бұл өз кезегінде еріктілердің қызметін үйлестіруге мүмкіндік беріп, олардың жобаларына ақпараттық қолдауды іске асырады», - деді министр халықпен есептік кездесуінде.
«Қазіргі кезде Мемлекет басшысы жариялаған алдағы жылдағы «Волонтерлік жылын» өткізуге белсенді дайындық жүруде», - деді Дәурен Абаев.
Айта кетейік, бүгін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Арыс тұрғындарының игілігі жолындағы ауқымды әрі пайдалы еңбектері үшін барлық волонтерлерге ризашылық білдірді.
- Аида Балаева Алматыда «ҚР Қоғамдық бақылау туралы» заң жобасын талқылады
- Қазақстанда қанша адвокат бар
- Бүгін елордада бірінші ауысымдағы бастауыш сынып оқушылары үшін сабақ онлайн өтеді
- Белгісіз біреулер Димаш Құдайбергеннің атын жамылып, жалған ақпарат таратуда
-
Коронавирус: Нұр-Сұлтанмен қатар 6 облыс әлі де «қызыл» аймақта тұр
-
Хоккей: «Барыс» мәскеулік «Динамоны» жеңді
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам