Волонтерлік қоғам үнін нығайта түседі - Кристофер Эдвардс

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жұртшылықтың көшбасшылыққа жұмылдырылуы және волонтерлік қоғам үнін нығайта түседі. Мұндай пікірді Орталық Азиядағы USAID өңірілк миссиясының директоры Кристофер Эдвардс білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өңірдегі азаматтық қоғаммен жүмыс зор тәжірибе. Конференциядан алдағы уақытта кәдеге жарата алатын ақылға қонымды дүниелер ала аласыздар деп сенемін. Дағдарыс, індет кезінде азаматтық қоғамның рөлі мен жұмысы барынша маңызды бола түсті. Азаматтық қоғам арағайын ретінде әрекет етіп, жұртшылықтың қажеттілігі мен мұқтажын ел басшылығына жеткізеді. Бүгінгі конференция маңызды шара саналады және өңіраралық ынытмақтастықты паш етіп, маңызын көрсете түседі», - деді ол «Даму тарихы: іштей көзқарас» атты 11-ші жыл сайынғы халықаралық конференцияның ашылу рәсімінде.

Осы ретте ол шараның ұйымдастырылуына қолдау білдірген ҚР Сыртқы істер, Ақпарат және қоғамдық даму министрліктеріне ризашылығын білдіріп өтті.

«Бәріміз үшін де үлкен қызығушылық тудыратын тақырыпты талқылауға жиналып отырғанымызды білесіздер. Қоғамдық ықпал, жұртшылықтық көшбасшылыққа жұмылдырылуы мен волонтерлік ұлттық және жергілікті деңгейде саясат қалыптастыруға және оған ықпал етуге қоғам үнін нығайта түседі.Соңғы 10 жылдың ішінде бұл конференция азаматтық қоғамның он мыңдаған көшбасшылары мен өкілдері бас қосатын орынға айналды. Бұған дейінгі жылдары конференция түрлі инновациялық және пайдалы идеялар мен бастамалар жайында өтті. Олардың көпшілігі әлі де жүзеге асырылып жатыр. Мәселен – «Қолжетімді баспанаға құқық». Бұл желі әлі де жұмыс істеп жатыр әрі баспанаға мұқтаж отбасылардың құқықтарын жақсарту идеясын қолдайды. Бұл конференция біздің өңірлік ықтымақтастығымызды қолдауға және бүкіл Орталық Азиядағы азаматтық қоғамды дамытуға септігін тигізеді деп ойлаймын», - деді Кристофер Эдвардс.


Соңғы жаңалықтар