Волонтерлер көшеде жүрген елордалықтарға ыстық шәй таратты

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қалалық штабтың волонтерлері елорда тұрғындарына ыстық шай таратып жүр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін Астана көшелерінде адам көп топтасқан орындар мен аялдамаларда аяздан тоңған жұртқа шай таратып жүрген еріктілер көпшіліктің алғысына бөленді. Әсіресе қаланы қардан аршудан босамай жатқан «Астана тазалық» мекемесінің қызметкерлері еріктілердің бұл игі ісіне риза.

Бастамашыл ниетті жастарды осы акцияға атсалысуға шақырып, үндеу таратты.

«Акциямызды қолдап, қатарымызға белгілі спортшы, street workout қозғалысының негізін қалаушы Айтым Жакупов та қосылды. Барлық жастар ұйымдарын біздің акцияға қосылуға шақырамыз» - деділген ерікті топтың әлеуметтік желіге тастаған үндеуінде.

Видеодан алынған кадр


Соңғы жаңалықтар