Волонтерлер азаматтық секторды белсенді дамытудың бөлшегіне айналды – комитет төрағасы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Волонтерлер азаматтық секторды белсенді дамытудың бөлшегіне айналды. Мұндай пікірді ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Мадияр Қожахмет білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биыл Волонтер жылы деп жарияланған. Волентерлер азаматтық секторды белсенді дамытудың бөлшегіне айналғаны сөзсіз. Осынау күрделі кезеңде волонтерлер халық алдындағы айрықша азаматтық әлеуметтік жауапкершіліктерін көрсете білді. Біздің министрліктің пайымы мынадай: Волонтерлік тек қана көмек көрсету емес, сонымен бірге халық үшін адами және көшбасшылық сапаны таныту үшін база да. Қазіргі жағдайда жаңа форматтағы азаматтық қоғам қалыптастыру бойынша тың тәсілер маңызды. Осылайша, бүгінде волентерлердің qazvolunteer.kz бірыңғай онлайн тұғырнамасы жұмыс істеп тұр. Тұғырнамада 30 мыңнан астам ерікті мен 2 500 волентерлік ұйым тіркелген», - деді ол «Даму тарихы: іштей көзқарас» атты 11-ші жыл сайынғы халықаралық конференциясында.

Оның айтуынша, 200-ден астам волонтерлік ұйымның басын қосатын Волонтерлердің республикалық фронт-кеңсесі жемісті жұмыс істеп тұр.

«Волонтер жылы аясында волонтерлік ұйымдарды дамытуға арналған 40-тан астам жүйелі шара жоспарланған. Биыл білім беру, аға буынға қолдау көрсету, экология, медицина, секторларын дамытуға бағытталған 7 жалпыұлттық жоба жүзеге асырылады. Үкіметтік емес ұйымдармен одан ары да жұмыс істеу қажет. Біз азаматтық сектордың өзекті әлеуметтік бастамаларын дамыту мәселелері бойынша ынтымақтастыққа ашықпыз және өзара диалогқа дайынбыз», - деді Мадияр Қожахмет.


Соңғы жаңалықтар