Волонтерлер 500 мың медициналық масканы тегін таратты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –150-ден астам ұйымды біріктіретін волонтерлердің республикалық фронт-офисі 500 мың медициналық масканы тегін таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Маскалар балалар үйлеріне, ауруханаларға және халықтың әлеуметтік осал топтарына жақын уақытта беріледі. Айта кету керек, фронт-офис BIRGEMIZ ұраны аясында 150-ден астам ұйымды біріктіреді.

«Бүгінде «Ұлттық волонтерлiк желінің», «Мейірімділер клубының» және «Астана жастарының» волонтерлері «Нұрлы жүрек», «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында және елордалық Балалар үйінде болды. Бүгіннің өзінде 14,5 мың маска тараттық. Қалған маскалар Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы мұқтаж азаматтарға жақында таратылады. Ұлт денсаулығы үшін бұрын-соңды болмаған бүгінгідей ауқымды жұмыстар жасалып жатқан тұста ортақ іске әр адам өз үлесін қоса алады. Тіпті, қарапайым санитарлық ережелерді сақтау, өзін-өзі оқшаулау және маска кию осы індетке қарсы күресте аса маңызды рөл атқарады», - делінген республикалық фронт-офистің Іnstagram парақшасына .


Соңғы жаңалықтар