Волонтерлар жылы: Таразда ерікті жастар тұрғындарға медициналық көмек көрсетті

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат –Тараз қаласындағы Жамбыл жоғарғы медициналық колледжінің ерікті студенттері тұрғындарға тегін медициналық көмек көрсетті, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Волонтерлар жылына орай ұйымдастырылған акция барысында болашақ ақ халаттылар қала тұрғындарының артериалды қан қысымын, дене салмағын, бойын өлшеп, кеңес берді. Тұрғындардың денсаулықтарына қатысты жиналған мәліметтер қалалық емханаларға ұсынылмақ.

«Жүректен жүрекке» ұранымен өткізілген акция соңында еріктілер қайырымдылық эстафетасын №12 Жамбыл индустриалды-технологиялық колледжінің еріктілеріне жолдады.


Айта кетейік, бүгінде Жамбыл жоғары медициналық колледжінде 2 волонтерлар тобы жұмыс істеуде. Оларға қазірге дейін 200-ге тарта студент мүшелікке қабылданған. Олар сабақтан бос уақыттарын игілікті іске жұмсап қайырымдылықпен айналысады.

Колледж еріктілері «Ең үздік волонтер – 2018» және «Үздік салалық волонтерлар» республикалық сайыстарында дипломдармен марапатталып, облыстық «Ерікті жастар: Ар – Ұждан дауысы» волонтерлар байқауында жеңімпаздар қатарынан көрінген.


Соңғы жаңалықтар