+7 (701) 759 90 19
USD 426.77 EUR 509.95
RUB 5.89 CNY 66.34
Jańalyqtar

«Волонтер» Тоқаевтың сирек суреттері жарияланды

2021 жылғы 11 маусым 16:39
Бөлісіңіз:
«Волонтер» Тоқаевтың сирек суреттері жарияланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Асылбек Абдуловтың «Президент Тоқаевтың жаңа бағдары» атты фильмінде Мемлекет басшысының жас шағындағы сирек суреттері мен бейнелері көрсетілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Маңғыстаудағы газ өңдейтін зауыттың құрал-жабдықтарының 90 пайызы тозған - Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау мұнай өңдеу зауытының жұмысын сынға алды Қасым-Жомарт Тоқаев газ саласын дамыту жөнінде кеңес өткізді

Фильм авторы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Президенттік лауазымдағы екі жылына шолу жасай келіп, Арыс қаласын жарылыстардан кейін қалпына келтіру жұмыстарына еріктілердің белсенді атсалысқанын еске алады. Осы кезде кадрда Президенттің сенбілікте еңбек етіп жүргені бейнесі көрсетілген.


«Осынау әуесқой кинокадрларда 10-сынып оқушысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы №25 орта мектепте мамыр сенбілігінде мектеп ауласын қоқыстан арылтып, қыздарға көмектесіп жатыр», - дейді фильм авторы.

Сондай-ақ, фильм барысында Қасым-Жомарт Тоқаевтың спортпен шұғылданып жатқан сәттері бар сирек кездесетін суреттер көрініс тапқан.

«Әкемнің тағдыры бала кезінен бастап оңай болған жоқ. Ол ерте жетім қалды. Әуелі балалар үйінде, содан кейін интернатта тәрбиеленді. Содан кейін соғыс басталды. Майдан ол үшін батылдық пен табандылықтың тағы бір сынағы болды. Ол соғыстан көп сабақ алып, қорқыныш пен қайғы-қасіретті жеңе алды», - деп еске алады Қасым-Жомарт Тоқаев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT