Волейболшы Сәбина Алтынбекова Гонконгта жанкүйерлерімен кездесті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық волейболшы Сәбина Алтынбекова Жаңа жылды алғаш рет туған қаласы - Ақтөбеден тыс жерде мерекелейді.

Қазақстандық спортшы Гонконгқа келіп жетті, бұл жерде оны жүздеген жанкүйері қарсы алды, деп хабарлайды vesti.kz .

Жанкүйерлерімен кездесу кезінде бойжеткен күткізгені үшін кешірім сұрады: ол келіп жеткен ұшақтың рейсі кешігіп қонды. Олай болғанымен, бұл спортшының жанкүйерлерінің көңіл күйін бұзған жоқ. Алтынбекова да оларды сүйетінін айтып, көбімен суретке түсіп үлгерді.

Естеріңізге сала кетейік, Сәбина Алтынбекова Гонконгқа жергілікті волейбол құрамасымен тәжірибе алмасу мақсатында келді. 2014 жылдың «ғаламтор сенсациясы» деп аталып кеткен бұл бойжеткен сондай-ақ жергілікті танымал адамдармен де кездеседі.

Соңғы жаңалықтар