Волейболдан клубтар арасындағы әлем чемпионаты өтпейтін болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Волейболдан 2020 жылғы клубтар арасындағы әлем чемпионаты өтпейтін болды. Бұл туралы Халықаралық волейбол федерациясының ресми сайтында хабарланған деп жазады Olympic.kz.

Мұндай шешімді қабылдауға коронавирус індеті себеп болып отыр.

«COVID-19 індетіне байланысты, сондай-ақ, мемлекеттер шекарасының ашылмауы мен көрермендердің залға жіберілмеуіне орай FIVB 2020 жылғы турнирді өткізбеу туралы шешім қабылдады. Ұйым барлық волейболшылардың денсаулығына жауапты болғандықтан, 2020 жылдың қазанынан бастап келесі жылға турнилерге өтінім қаблдай бастайды», - делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар