Волейболдан Қазақстанның ерлер және әйелдер құрамалары қарсыластарын ойсырата жеңді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда волейболдан ерлер және әйелдер арасында Шақыру кубогына Құрлықтық іріктеу турнирі өтіп жатыр. Оның алғашқы кезеңінде қазақстандық спортшылар айқын басымдықпен жеңіске жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында Қазақстан мен Австралия әйелдер құрамалары кездесті. Матчта қазақстандық спортшылар 3:0 есебімен жеңіске жетті.

nullАл ерлер додасында Қазақстан мен Пәкістан өзара күш сынасты. Алғашқы сетте қазақстандықтар 18:25 есебімен жеңіліске ұшырады. Бірақ үзіліс кезінде ес жиған паркет иелері қарсыластарын 3:1 есебімен тізе бүктірді.

null20 мамыр күні Қазақстанның ерлер және әйелдер құрамалары Қытай Тайпейінің құрамаларымен кездеседі.

null

Соңғы жаңалықтар