Волейболдан Қазақстан Кубогы тікелей эфирде көрсетіледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Волейболдан өтетін Қазақстан Кубогын «QAZSPORT» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «QAZAQSTAN» РТРК сілтеме жасап. 

25-31 қазан күндері Өскеменде волейболдан қыздар командалары арасындағы Қазақстан Кубогының 19-шы қорытынды кезеңі өтеді. 

Спорттық шараға еліміздің ең үздік командалары қатыспақ. Топтық кезеңде командалар екіге бөлінеді. Айта кетсек, «Алтай», «Астана», «Алматы» және «Алтай-2» «А» тобында болса, «В» тобына «Ертіс-Қазхром», «Жетісу», «Қарағанды» және «Қуаныш» ойыншылары кіреді.  

Еліміздегі әйелдер кубогының ең танымал клубы - «Жетісу» 8 рет жеңіске жетсе, «Рахат» командасы 7 рет жеңген болатын. Ал «Ертіс-Қазхром» еншісінде екі кубок болса, «Астана Қанат» командасы -  бір  кубок иесі.

Көрсетілімдер кестесі: 

 25  қазан: «ЕРТІС-ҚАЗХРОМ» - «ҚУАНЫШ» (11:55 Тікелей эфир)

                   «ЖЕТІСУ» - «ҚАРАҒАНДЫ»  (13:55 Тікелей эфир)

                   «АЛМАТЫ» - «АСТАНА»  (15:55 Тікелей эфир)

26 қазан:  «ЕРТІС-ҚАЗХРОМ» - «ЖЕТІСУ» (13:55 Тікелей эфир)

 

27 қазан:  «ҚАРАҒАНДЫ» - «ЕРТІС-ҚАЗХРОМ» (13:55 Тікелей эфир)

                 «АСТАНА» - «АЛТАЙ»  (17:55 Тікелей эфир)


29 қазан: 1/4 финал. 1-ойын (тікелей эфир)

                1/4 финал. 2-ойын (тікелей эфир)

                1/4 финал. 3-ойын (тікелей эфир)

                1/4 финал. 4-ойын (тікелей эфир)

Соңғы жаңалықтар