Волейболдан ерлер командалары арасында Батыс Қазақстан облысы чемпионатының ІІ туры мәреге жетті

None
None
ОРАЛ. Қазанның 21-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Волейболдан ерлер командалары арасында Батыс Қазақстан облысы чемпионатының ІІ туры мәреге жетті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оған аудандар мен қаладан 16 команда қатысып, төрт топқа бөлінді. Екінші турдың қорытындысы бойынша Бөрлі ауданы жеңімпаз атанса, М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті (БҚМУ) - екінші, «ҚазТрансГаз» командасы үшінші орынды еншіледі. Жалпы екі турдан кейін БҚМУ алда келеді. Жарыста жаңақалалық А.Тастенов - үздік байланыстырушы, жәнібектік Алмат Қаратаев - үздік шабуылшы, Андрей Стольников («ҚазТрансГаз») - үздік қорғаушы, бөрлілік Ермек Алмаханов үздік тосқауыл қоюшы атанды. Жаңақала, Теректі, Бөрлі және Зеленов ауданы командалары жақсы ойын өрнегін көрсетті.

Соңғы жаңалықтар