Волейболдан Азия чемпионаты: Қазақстан жарысты ерте аяқтады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жапонияның Тиба қаласында өтіп жатқан волейболдан ерлер арасында Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы үш кездесуінде де жеңілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетейік, қазақстандық волейболшылар D тобында сынға түседі. Қарсыластары - Оңтүстік Корея, Қытайлық Тайбэй және Сауд Арабиясы.

Бүгін қазақстандық волейболшылар Сауд Арбаиясына 0:3 (20:25, 22:25, 19:25) есебімен есе жіберді. Одан бұрын қазақстандық волейболшылар Қытайлық Тайбэй мен Оңтүстік Кореяға дәл сол есеппен жеңілген болатын.

Осылайша Қазақстан құрамасы өз тобында төртінші орынды місе тұтты. Нәтижесінде жарысты ерте аяқтауға мәжбүр болды.

Азия чемпионаты 12-19 қыркүйек аралығында өткізіледі.

Құрдықтық додада 16 құрама төрт топқа бөлінген.

А тобында Жапония, Үндістан, Катар, Бахрейн, B тобында Иран, Пәкістан, Иран, Гонкон, С тобында Қытай, Австралия, Кувейт, Шри-Ланка құрамалары шеберлік байқасады.

Әрбір топтан алғашқы екі орын алған құрамалар жарысты жалғастырады.

D тобында ондай мүмкіндікке Қытайлық Тайбэй мен Оңтүстік Корея ие болды.


Соңғы жаңалықтар