Волейболдан Азия чемпионаты: Қазақстан құрамасы нешінші орынға жайғасты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жапонияның Тиба қаласында өтіп жатқан волейболдан ерлер арасында Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының қай орын алғаны белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық волейболшылар бүгін Сауд Арабиясынан 11-орын үшін сайыста 3:0 есебімен басым түсті.

Осылайша құрлықтық додадағы жарысын аяқтады.

Еске салсақ, қазақстандық волейболшылар D тобында сынға түсті. Қарсыластары - Оңтүстік Корея, Қытайлық Тайбэй және Сауд Арабиясы.

Топтық кезеңде қазақстандық волейболшылар барлық қарсыласынан 0:3 есебімен жеңіліп қалды.

Одан кейін 9-12 орындар үшін сайыста Бахрейнге 1:3 есебімен жол берді.

Айта кетсек, құрлықтық додаға барлығы 16 құрама қатысты.

Бүгін финалда Жапония мен Иран шеберлік байқасады.


Соңғы жаңалықтар