Волейболдан әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасы Германияға есе жіберді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан құрамасы волейболдан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында екінші кездесуін Германияға қарсы өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгінгі кездесуде қазақстандық волейболшылар тәжірибелі қарсыласына лайықты деңгейде ойын көрсетті. Германия құрамасы Еуропа чемпионатында төрт мәрте жүлдегер қатарынан көрінген. Сондай-ақ Гран-при және Еуролига турнирінде жетістікке жетті.

Сондықтан ел құрамасына олармен ойын оңайға түскен жоқ. Алғашқы екі сетте қазақстандық волейболшылар қарсыласына 15:25, 18:25 есебімен есе жіберіп қойды.

Ал үшінші сетте тартысты ойын өтті. Нәтижесінде германиялықтардың басымдығымен аталған сет 21:25 есебімен аяқталды.

Қазақстандық волейболшылар С тобында сынға түсетіні белгілі. Қарсыластары – АҚШ, Сербия, Германия, Болгария және Канада.

Енді ел құрамасы 29 қыркүйекте Канадамен кездеседі.

Дүбірлі дода Нидерланд және Польша мемлекеттерінде 23 қыркүйек пен 15 қазан аралығында өткізіледі. Онда барлығы 24 құрама қатысып, төрт топта бақ сынайды.

Еске салсақ, бұдан бұрын қазақстандық волейболшылар АҚШ-тан жеңіліп қалған еді.


Фото: volley.kz



Соңғы жаңалықтар