Волейболдан әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасы бүгін АҚШ-пен кездеседі

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан құрамасы волейболдан әйелдер арасындағы әлем чемпионатындағы алғашқы кездесуін АҚШ-қа қарсы өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған кездесу елорда уақытымен 23.20-да басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Дүбірлі дода Нидерланды және Польша мемлекеттерінде 23 қыркүйек пен 15 қазан аралығында өткізіледі. Онда барлығы 24 құрама қатысып, төрт топта бақ сынайды.

Қазақстандық волейболшылар С тобында сынға түседі. Қарсыластары - АҚШ, Сербия, Германия, Болгария, және Канада.

Ұлттық құрама бүгінгі және 26 қыркүйекте Германиямен кездесуін Нидерландының Аарнем қаласында өткізеді.

Одан кейін Польшаның Лодзь қаласында 29 қыркүйекте Канада, 30 қыркүйекте Сербия, 1 қазанда Болгариямен шеберлік байқасады.

Қалған құрамалардың өзге топтарға бөлінуі төмендегіше:

А тобы: Нидерланды, Италия, Бельгия, Пуэрто-Рико, Камерун, Кения

В тобы: Польша, Түркия, Доминикан Республикасы, Оңтүстік Корея, Таиланд, Хорватия

D тобы: Бразилия, Қытай, Жапония, Колумбия, Аргентина, Чехия.

Алғашқы ойын күнінде 23 қыркүйекте А тобында Нидерланды Кенияны 3:0, Польша Хорватияны 3:1 есебімен тізе бүктірді.

Қазақстандық волейболшылар әлем чемпионаты финалдық сатысында бесінші мәрте бақ сынап отыр. Бұдан бұрын жалпы командалық есепте 2018 жылы - 17, 2010 жылы - 21, 2014 жылы - 15, 2018 жылы - 24-орынға жайғасты.

Еске салсақ, бұдан бұрын футболдан Қазақстан құрамасы UEFA Ұлттар лигасының В тобына жолдама алды.


Фото: coed.com




Соңғы жаңалықтар