ВОЛЕЙБОЛ: «Тараз» жеңіліссіз жолын жалғастырып келеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодар қаласында волейболдан ерлердің ұлттық лига командалары арасында ел біріншілігі екінші үлкен турының ойындары мәреге жетті.

Қазақстан волейбол федерациясының сайтынан алынған мәліметке қарағанда, бұл жолы да қарсыластарының бәрін ұтқан «Тараз» командасы ұпай санын 39-ға жеткізіп, көшбасшылық жағдайын нығайтты. Ал өз алаңында ойнаған «Павлодар» 29 ұпаймен екінші орнын сақтап қалды. Өткен жылғы ел чемпионы «Алматы» Хромтаудың «ТНК «Казхром» командасын қуып жетсе, «Атырау» одан бір ұпай қалып келеді. Сондай-ақ, «Конденсат-Жайықмұнай» мен өскемендік «ШығысҚорғасынҚұрылыстың» еншісінде де 18 ұпайдан бар. Ал «Петропавлдың «Есілі» небәрі екі-ақ ұпаймен көш соңында келеді. Турдың қорытындысы бойынша әр командадан үздік ойыншылар да анықталды. Келесі үлкен тур ойындары 11-17 ақпанда өтеді.

Соңғы жаңалықтар