Волейбол: Өскемендік «Алтай» Қазақстан суперкубогын жеңіп алды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Петропавл қаласында Ұлттық лиганың әйелдер командалары арасында Қазақстан чемпионатының 1-туры аясында суперкубок сарапқа салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ел чемпионы, сондай-ақ биылғы кубок иегері Өскеменнің «Алтайы» мен Қазақстан кубогының финалисі талдықорғандық «Жетісу» алаңға шықты.

Сербиялық маман Марко Гршич жаттықтыратын өскемендік қыздар (команда капитаны Сана Анарқұлова) алғашқы партияда басымдылық танытты – 25:16.

Екінші сетте Елена Павлованың шәкірттері есепті теңестірді – 25:21. Дегенмен бұдан кейін «Алтай» қарсыластарына дес берген жоқ – 25:19, 25:17. Жалпы есеп – 3:1.

Осылайша өскемендіктер бесінші рет суперкубокты ұтып алды. Бұл – олардың биылғы төртінші жүлдесі. «Алтай» бұған дейін чемпиондық пен кубокқа қоса Азия клубтық

біріншілігінде де үздік шыққан болатын.

«Алтай» жаңа маусымды да сәтті бастап, 1-турда жеті ойыннан кейін 21 ұпаймен жекедара бірінші орынға шықты.

Талдықорғандықтар 6 кездесуден 15 ұпай жинап, екінші сатыда қалды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Өскеменнің «Алтайы» Қазақстан кубогының жеңімпазы атанғанын, волейболдан ерлер арасында суперкубогының иегері анықталғанын

жазған болатынбыз.




Соңғы жаңалықтар