ВОЛЕЙБОЛ: «Конденсат-Жайықмұнай» үш кездесуінің екеуінде жеңіске жетті

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Петропавл қаласында волейболдан ерлердің ұлттық лига командалары арасында ел біріншілігі үшінші кіші турының ойындары мәреге жетті.

«А» тобындағы командалар арасында «Атырау» үш кездесуінде де қарсыластарын ұтып, тоғыз ұпайға ие болды. Бұл турда Оралдың «Конденсат-Жайықмұнайы» да жаман өнер көрсеткен жоқ. Игорь Никольченко жаттықтыратын батысқазақстандықтар «Атырауға» есе жібергенімен, «ТНК «Казхром» (Хромтау), «Есіл» (Петропавл) командаларын 3:1 есебімен тізе бүктірді. Сөйтіп чемпионаттағы жалпы ұпай санын 24-ке жеткізді.

«Б» тобы командалар арасындағы сайыс Тараз қаласында өтіп, онда алаң иелері үш кездесуін де жеңіспен аяқтап, турнир кестесіндегі көшбасшылық жағдайын одан сайын жақсарта түсті. Қазір тараздықтардың еншісінде 48 ұпай бар. Келесі үшінші үлкен тур ойындары алдағы ақпан айында осы Тараз қаласында өтеді. «Жайық» волейбол клубының директоры Шоқан Кеңесовтің айтуынша, оралдықтар да ұлттық лига командаларының ойындарын тамашалай алады. «А» тобы үшін төртінші кіші тур ойындары 3-7 наурызда Орал қаласында болмақ.

Соңғы жаңалықтар