Волейбол: Қазақстан қыздар командасы Азия чемпионатының келесі кезеңіне өтті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Вьетнамның Ханой қаласында волейболдан жастар арасындағы Азия чемпионатының іріктеу кезеңі жалғасуда, деп хабарлайды Olympic.kz.

Қазақстан қыздар командасы D тобындағы барлық кездесуде жеңіске жетіп, келесі айналымға өтті. Олар бұған дейін Макао, Шри-Ланка және Гонконгты жеңген болатын. D тобында бірінші және екінші орын алған Қазақстан мен Гонконг құрамалары Қытай және Тайландпен бірге F тобына түсті.

Қазақстандықтар 17 шілде күні Тайландпен, 18 шілдеде Қытай құрамасымен кездеседі.

Соңғы жаңалықтар