Волейбол: Ерлер арасында ел біріншілігінің жүлдегерлері белгілі болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодар қаласында волейболдан ерлердің ұлттық лига командалары арасында ел біріншілігінің соңғы, төртінші туры мәреге жетті.

Қазақстан волейбол федерациясының сайтынан алынған мәліметке қарағанда, осы турда 11, чемпионат қорытындысында барлығы 75 ұпай жинаған «Тараз» командасы жеңімпаз атанса, «Павлодар» 55 ұпаймен күміс жүлдеге қол жеткізді. Атыраулықтар бұл турды аса сәтсіз өткізсе де, 43 ұпаймен үшінші орынға көтерілді. Өткен жылғы ел чемпионы «Алматы» атыраулықтардан бір ғана ұпайға кейін қалып, төртінші орынды місе тұтты. Хромтаудың «ТНК «Казхром» командасы бесінші сатыға тұрақтаса, Оралдың «Конденсат-Жайықмұнайы» мен Өскеменнің «ШығысҚорғасынҚұрылысы» алтыншы, жетінші орындарды бөлісті. Ал Петропавлдың «Есілі» көш соңында қалды. Соңғы турда оралдықтар павлодарлықтар мен алматылықтарды ұтқанмен, есесіне «Шығыс» пен «Тараздан» ұтылып қалды.

Соңғы жаңалықтар