ВОЛЕЙБОЛ: Бүгін Өскеменде ұлттық лига командалары арасында бірінші «үлкен» тур ойындары басталады

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Бүгін, 8 желтоқсан күні Өскемен қаласында волейболдан ерлердің ұлттық лига командалары арасында ел чемпионаты бірінші «үлкен» турының ойындары басталады.

Қазақстан волейбол федерациясының сайтынан алынған мәліметке қарағанда, 2014 жылғы ел чемпионы «Алматы» мен күміс жүлдегер «Конденсат-Жайықмұнай» (Орал) жаңа маусымда алғаш рет күш сынасады. Сондай-ақ бүгін «Атырау» - «Павлодар», «Есіл» (Петропавл) - «Тараз», «ТНК «Қазхром» (Хромтау) - ШығысҚорғасынҚұрылыс» (Өскемен) алаңға шығып, мықтыны анықтайды. 12 желтоқсанға дейін созылатын бұл «үлкен» турда біріншілік кестесіне сәйкес «А» тобының командалары «Б» тобындағылармен кездеседі. Яғни, әрқайсысы төрт ойыннан өткізеді. Мәселен, оралдықтар «Алматыға» қоса «Тараз», «ШығысҚорғасынҚұрылыс», «Павлодар» командаларымен ойнайды.

Айта кетейік, бұған дейін «А» және «Б» тобының командалары алғашқы «кіші» турдың ойындарын өткізген болатын. «А» тобындағылардың Хромтау қаласында өткен турынан кейін «ТНК «Казхром» мен «Атырау» алты ұпаймен бірінші-екінші орынды бөліссе, бес ұпайы бар батысқазақстандықтар үшінші сатыға орналасты.

Ал «Б» тобының Павлодардағы бастапқы турында «Алматының» өзін жеңіп кеткен «Тараз» 7 ұпаймен жекедара алға шықса, алматылықтар мен «Павлодардың» еншісінде бес ұпайдан бар. Демек, Өскемендегі «үлкен» тур турнир кестесіне біраз өзгерістер енгізері анық.

Соңғы жаңалықтар