Волейбол: «Алтай» Азия чемпионатында төртінші орынға ие болды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскеменде волейболдан клубтар арасындағы Азия чемпионатының жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінен мәлім еткендей, Астананың 20 жылдығына орайластырылған турнирде таиландтық команда жеңіске жетті.

Клубтар арасындағы Азия чемпионатында Таиландтың «Суприм» командасы жеңіске жетті, екінші орында жапониялық «НЕК Ред Рокетс» клубы. Үшінші орынға қазақстандық «Алтайды» жеңген Қытайдың «Цзянсу» командасы ие болды.

«Алтай» ойыншысы Ольга  Дробышевская турнирдің үздік шабуылшысы, Наталья Шаршакова үздік орталық тосқауылшы  атанды.

Клубтар арасындағы Азия чемпионаты, Өскемен:

1. «Суприм» (Таиланд)

2. «НЕК Ред Рокетс» (Жапония)

3. «Цзянсу» (Қытай)

4. «АЛТАЙ» (Қазақстан)

5. «Гаруда» (Индонезия)

6. «Пайкан» (Иран)

7. «VTV Бин Дьен Лонг Ав» (Вьетнам)

8. «CMFC» (Қытайлық Тайбей)

9. «Ланка Лайонс» (Шри-Ланка).

Соңғы жаңалықтар