Вокзалда «бомба қойылды» деп қалжыңдаған қостанайлық әйел жауапқа тартылды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Желіде вокзалға «бомба қойылған» деп жалған ақпарат таратқан Қостанай тұрғынына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қостанай облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Тергеп-тексеру нәтижелеріне сәйкес, жұмыссыз жүрген Қостанай тұрғыны «WhatsApp» мессенджері арқылы теміржол вокзалына «бомба қойылып», оның жойылғаны туралы аудиохабарлама таратқан. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды», - делінген хабарламада.
Енді әйел жалған ақпарат таратқаны үшін заң алдында жауап береді.

Полиция қызметкерлері бұқаралық құралдары немесе телекоммуникация желілерінде көрінеу жалған ақпарат тарату үш мың АЕК-ке дейінгі мөлшерде (7 575 000 млн - ред.) айыппұл салу, 82 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту, үш жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жазаға әкеп соқтыратынын ескертеді.

Авторы: Жанна Мұсабаева

Соңғы жаңалықтар