Владивосток әуежайындағы балық дүкеніне 60 мың рубль шығын келтірген мысық жоғалып кетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Владивосток әуежайында мысық балық дүкеніне 60 мың рубль шығын келтірген. Алайда, балық дүкенін «үптеп» кеткен мысық жоғалып кетті, деп хабарлады ТАСС агенттігіне Владивосток әуежайындағы желілік полиция бөлімінен.

«Кеше ғана мұнда болған мысық жоғалып кетті. Қайдан шығып, қайда кеткені белгісіз», - деді хабарлаушы.

Шығынға батқан дүкен иесі мысықты өзімен бірге алып кетуге ақшасын қимаған жолаушылардың бірі қалдырып кеткенін айтады.

Бұған дейін әуежайдың баспасөз орталығынан бас директордың бұйрығымен ұшу қауіпсіздігінің талаптары және қауіпсіздіктің басқа шараларына сәйкес, әуежайдың ішінде жануарларды ұстауға тыйым салынғаны туралы хабарланған, деп толықтырды ТАСС агенттігі.

Соңғы жаңалықтар