Владимир Зеленскийге коронавирус диагнозы қойылды

None
None
КИЕВ. УКРИНФОРМ – ҚазАқпарат – Украина президенті Владимир Зеленскийге COVID-19 диагнозы қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Владимир Зеленскийдің ресми Telegram каналына сілтеме жасап.

«Әлемде COVID-19 қаупі төнбейтін адам жоқ шығар. Барлық карантин шараларына қарамастан, менен де коронавирус анықталды. Қазір температурам 37,5, ал баршаңызға 36,6 тілеймін! Дегенмен көңіл-күйім жақсы. Оқшаулануға уәде беремін және жұмысымды жалғастырамын. Көбісі COVID-19-ды жеңіп шықты. Мен де бұл қиындықты еңсеретін шығармын. Бәрі жақсы болады!» – деп жазды В. Зеленский Telegram -да.


Соңғы жаңалықтар