+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.70 EUR 427.15
RUB 6.06 CNY 54.57
Jańalyqtar

Зеленский Украина Радасын тарататынын мәлімдеді

2019 жылғы 20 мамыр 14:09
Бөлісіңіз:
 Зеленский Украина Радасын тарататынын мәлімдеді

КИЕВ. ҚазАқпарат - УКРИНФОРМ - Украина президенті атанған Владимир Зеленский Жоғарғы Раданың салтанатты отырысында ант берді. Бұл туралы ҚазАқпарат Укринформға сілтеме жасап хабарлайды.

«Зеленский Украина конституциясы мен Інжілге қолын қойып, ант мәтінін оқыды. Отырысқа қатысушылар президент антын түрегеп тұрып тыңдады. Осыдан кейін отырысқа төрағалық еткен Жоғарғы Рада төрағасы Андрей Парубий президент Зеленскийді Жоғарғы Рададағы Украина президентінің орнына жайғасуға шақырды», - делінген хабарламада.

Орталық сайлау комиссиясының төрайымы Татьяна Слипачук Владимир Зеленскийге Украина президентінің куәлігін тапсырды.

Конституциялық сот төрайымы Наталия Шаптала Владимир Зеленскийге Президент белгісін, шоқпар (булава) мен елтаңба мөрін берді.

Сондай-ақ, Украина президенті сегізінші шақырылымдағы Жоғарғы Раданы тарататынын жария етті.

Айта кетерлігі, Украина президенті Владимир Зеленскийді ұлықтау рәсіміне Қазақстан Республикасының жоғары деңгейдегі делегациясы қатысты. Қазақстан делегациясын ҚР Парламенті Сенаты төрағасының орынбасары Бектас Бекназаров басқарды.

Еске салсақ, Орталық сайлау комиссиясының 30 сәуірде өткен отырыс хаттамасына сәйкес, Владимир Зеленский Украина президенті болып сайланды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Украина,
Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT