Владимир Зеленский коронавирустан жазылып, жұмысқа шықты

КИЕВ.Укринформ - ҚазАқпарат – Украина президенті Владимир Зеленскийдің COVID-19-ға тапсырған тесті теріс нәтиже көрсетті. Бұл туралы ҚазАқпарат Укринформға сілтеме жасап хабарлайды.
«Менің коронавирусқа тапсырған тест теріс нәтиже көрсетті. Медициналық маскалар, өзін-өзі оқшаулау, әлеуметтік қашықтық, теңдестірілген дәрумендік бағдарламалар, спорт режимі қазір міндетті болып табылатынын түсіну керек. Мұның бәрі өте маңызды. Осының бәрі бізге үміт береді»,-деп жазды Владимир Зеленский желідегі парақшасында.
Украина президенті бүгіннен бастап жұмысқа оралғанын хабарлады.
Бұған дейін Президент кеңсесінің басшысы Андрей Ермактың да коронавирусқа тапсырған тесті теріс нәтиже көрсеткен еді.
Еске сала кетейік, 9 қараша күні Украина президенті Владимир Зеленскийден, Президент кеңсесінің басшысы Андрей Ермактан коронавирус анықталған болатын. Кейіннен олар Украина «Феофания» ауруханасына жатқызылған еді.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев COVID-19 жұқтырған Украина басшысы Владимир Зеленскийдің тезірек жазылып кетуіне тілектестігін білдірді.
- Түлкібас ауданында карантин режимі жыл басынан бері 258 рет бұзылған
- Коронавирус: Британиялық штамм әлдеқайда қауіпті болуы мүмкін
- Қазақстанда өткен тәулікте коронавирустан 1050 адам жазылды
- Қазақстанда бір тәулікте 1548 адамнан коронавирус анықталды
-
Пентагонды алғаш рет афроамерикалық азамат басқарады
-
Коронавирустың өршуі: Алматыда санитарлық шаралар күшейтілді
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам