Владимир Зеленский гуманитарлық көмек үшін Қазақстанға алғыс айтты

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Украина Президенті Владимир Зеленский өз еліне көрсетілген гуманитарлық көмек үшін Қазақстанға алғыс айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мен Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен телефон арқылы сөйлестім. Біз халықаралық алаңда ықпалдастық мәселесін талқыладық. Сондай-ақ мен Украинаға гуманитарлық көмек үшін Қазақстанға алғыс білдірдім», - деп жазды Владимир Зеленский Telegram-дағы жеке каналында.

Бүгін Украина тарапының бастамасымен Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлескенін бұған дейін хабарлаған болатынбыз.

«Екі ел басшылары Қазақстан мен Украина арасындағы гуманитарлық байланыстар мәселесін талқылады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей мен Украина арасындағы қарулы қақтығысты БҰҰ Жарғысы мен жалпыға ортақ халықаралық құқық нормалары негізінде дипломатиялық жолмен шешуге қатысты Қазақстанның ұстанымын растады», - делінген Ақорда мәліметінде.


Соңғы жаңалықтар