Владимир Тюлькиннің деректі фильмі Иранда өткен фестивальден жүлделі оралды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Владимир Тюлькиннің «13 километр» деректі фильмі Иранның Вареш қаласында өткен 9-шы Халықаралық кинофестивальде «Үздік деректі деректі» фильм номинациясында жеңіске жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазақфильм» киностудиясына сілтеме жасап.

Фестиваль 2019 жылғы сәуірдің 29 мен 4 мамыр аралығында өткен.

«Қазақфильм» киностудиясының мәліметінше, аталған фестиваль Каспий аумағындағы елдердің әдет-ғұрыптары, діни нанымдары, ұлттық жырлары, поэзиясы, аңыздары, сонымен қатар, ұлттық архитектурасы, кәсіп пен шаруашылық жүргізудегі әдістері сынды тақырыптарға түсірілген фильмдеріне назар салады.

«13 километр» деректі фильмі зағип фермердің қыстаудан ауылына қарай жүріп өтетін жолын бақылау әдісімен түсірілген. Жол бойы фермер өміріндегі өзекті кезеңдерін есіне алады.

- Біздің фильм бірнеше фестивальге қатысқан және түрлі жүлделерге ие болған. Ал енді бұл жеңіс біздің алғашқы басты жеңісіміз, - деп Владимир Тюлькин жеңісі туралы айтып өтті.

Естеріңізге сала кетейік, «13 километр» фильмі бірнеше жүлдені иемденгенү Олардың қатарында Ресейдің Екатеринбург қаласында өткен 28-ші Ашық деректі фильмдер фестивалінде қазылар алқасының арнайы жүлдесі, Overcome FilmFestival 2017 фестивалінде «Overcome Festival Theme Award» жүлдесі бар.

Соңғы жаңалықтар