+7 (701) 759 90 19
USD 375.91 EUR 416.85
RUB 6.10 CNY 54.77
Jańalyqtar

Владимир Путин ҰҚШҰ елдері Президенттерін Мәскеуге шақырды

2019 жылғы 28 қараша 16:35
Бөлісіңіз:
Владимир Путин ҰҚШҰ елдері Президенттерін Мәскеуге шақырды

БІШКЕК. ҚазАқпарат – Ресей Президенті Владимир Путин ҰҚШҰ-ға мүше елдердің президенттерін 2020 жылы 9 мамырда Мәскеудегі Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған шараларға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
2020 жылдан бастап Беларусь өкілі ҰҚШҰ Бас хатшысы лауазымына кіріседі Владимир Путин ҰҚШҰ аясында бірлесіп атқару қажет бағыттарды атады ҰҚШҰ Қауіпсіздік кеңесі сессиясында толықтай өзара түсіністікке қол жеткізілді

«2020 жылы біз баршамыз бірге Ұлы Жеңістің 75 жылдығын атап өтеміз. Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымындағы барлық елдерде естелік-мемориалдық, әлеуметтік, мәдени-ағартушылық шараларды өткізуді қарастыратын нақты жоспар келісілді. Ұйымға мүше елдер мемлекет басшыларын 2020 жылы 9 мамырда Мәскеуде өтетін салтанатты шараларға келуін күтеміз», - деді В. Путин Бішкекте ҰҚШҰ Ұжымдық Қауіпсіздік кеңесі сессиясының кеңейтілген құрамдағы отырысында.

Айта кетейік, бүгін Бішкекте мемлекет басшыларының қатысуымен Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы (ҰҚШҰ) Ұжымдық Қауіпсіздік кеңесінің сессиясы өтті.

Сессия жұмысына Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Қырғызстан Президенті Сооронбай Жээнбеков, Ресей Президенті Владимир Путин, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Армения Премьер-Министрі Никол Пашинян қатысты.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымындағы төрағалық Қырғызстаннан Ресейге өтті.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT