Владимир Путин ҰҚШҰ аясында бірлесіп атқару қажет бағыттарды атады

None
None
БІШКЕК. ҚазАқпарат – Ресей Президенті Владимир Путин ҰҚШҰ аясында бірлесіп атқаруды қажет ететін бағыттарды атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз серіктестерімізбен халықаралық лаңкестік және экстремизммен күрес саласында өзара іс-қимылды нығайтуға ұмтыламыз. ҰҚШҰ кеңістігінде халықаралық лаңкестік топтарды анықтау мен жою бойынша бірлескен операциялар тәжірибесін жалғастыруды дұрыс деп санаймыз. Осы орайда лаңкестердің базаларына, қаржыландыру көздеріне тосқауыл қоюға қатысты болып отыр. Біз антитеррор тәжірибесімен бөлісуге дайынбыз», - деді В. Путин Бішкекте ҰҚШҰ Ұжымдық Қауіпсіздік кеңесі сессиясының кеңейтілген құрамдағы отырысында

Оның сөзіне қарағанда, есірткі заттарының заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл бойынша ҰҚШҰ қызметін жандандыру басымдықты мақсат болып отыр.

«Осы тұрғыда 2021-2025 жылдар кезеңіне ҰҚШҰ-ның есірткіге қарсы жаңа стратегиясына бастамашы болуға ниеттіміз. Бұл стратегия есірткіні өндіру мен саудалауға тосқауыл бойынша, сондай-ақ осы орайда шекаралық режімді күшейту аясында нақты шараларды қамтиды. Біздіңше, ҰҚШҰ-ның бітімгершілік әлеуетін өрістетуге қатысты, бітімгерлік күштердің жоғары даярлығын қолдау мәселелері айрықша көңіл бөлуді қажет етеді», - деді РФ басшысы.

«ҰҚШҰ бөлімшелеріне БҰҰ аясында бітімгерлік операцияларына қатысуға мүмкіндік беретін нормативтік-құқықтық және ұйымдастырушылық құжаттарды әзірлеуді жалғастыруды ұсынамыз», - деді Владимир Путин.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Ұжымдық Қауіпсіздік Шарт Ұйымындағы төрағалық Қырғызстаннан Ресейге өтті.

Соңғы жаңалықтар