Владимир Путин ШЫҰ-ның кезекті саммиті қашан өтетінін айтты

БІШКЕК. ҚазАқпарат - ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер кеңесінің 20-отырысы 2020 жылдың 22-23 шілдесінде Ресейде өтеді. Бұл туралы бүгін ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер кеңесінің 19-отырысында Ресей Президенті Владимир Путин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Бішкектен.
«Қырғызстанды ШЫҰ-ға табысты төрағалымен құттықтаймын және ресейлік төрағалық ұйым жұмысының сабақтастығын қамтамасыз ететінін айтқым келеді. Құрметті әріптестер, сіздерді 2020 жылдың 22-23 шілдесінде Ресейде өтетін ШЫҰ мемлекет басшылары кеңесінің келесі отырысына шақырамын», - деді В.Путин.
Сонымен қатар ол ұйымға Ресей төрағалығы кезінде мәдени-гуманитарлық байланыстарды тереңдетуге баса мән беретінін айтты. Сондай-ақ, БАҚ, дене тәрбиесі, спорт, туризм салаларындағы ынтымақтастық туралы келісімдерді жүзеге асыруға тырысатынын атап өтті.
«Келесі жылы Екінші дүниежүзілік соғыста фашизмді жеңгеніміздің 75 жылдығын атап өтеміз. Біз Ресейде ХХ ғасырдың осынау қайғылы оқиғасының тарихи шындығын есте сақтауға үлкен назар аударамыз», - деді РФ Президенті.
- Орталық Азия СІМ өкілдері қауіпсіздік мәселелерін талқылады
- АҚШ-тың аналитикалық және қаржы құрылымдары Қазақстанмен ынтымақтастыққа мүдделі
- Қазақстанның ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 16645,3 млн долларды құрады
- Допты хоккей: «Ақжайық» Уфада «Кировец» клубына есе жіберді
-
Роман Скляр «КамАЗ» зауытының 50 жылдығына арналған салтанатты іс-шараға қатысты
-
Әлем елдерінің басшылары Қазақстан халқын тәуелсіздік күнімен құттықтады
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам