Владимир Путин Нұрсұлтан Назарбаев туралы: Әрдайым болашаққа ұмтылған адам

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресей басшысы Владимир Путин ҚР Президенті Телерадиокешенінің бас директоры Ерлан Бекхожинге берген сұхбатында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың көшбасшы ретіндегі ерекше қасиеттерін атап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Шынымды айтсам, мені бір қуантатыны және таңғалдыратыны, Нұрсұлтан Әбішұлы Кеңес одағы кезінде-ақ өзіне керемет мансап жасап алды. Бұл мені әлі күнге дейін таңғалдырады. Кеңестік дәуірге қарамастан, ол - әрдайым болашаққа ұмтылған адам. Бұл оның ерекше қасиеті», - деп атап өтті Владимир Путин.

Ресей президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың мықты команда жинай алатындығын және жұмысын тиімді ұйымдастыра білетіндігін атап өтті.

«Біріншіден, ол айналасына өте іскер және қабілетті адамдарды, жастарды жинай біледі және өз жанына мықты адамдарды топтастырудан қорықпайды. Бұл кез келген мықты басшының ерекше қасиеті. Міне, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев осындай парасатты, жігерлі, белсенді және дарынды басшы, көшбасшы», - деп атап өтті Владимир Путин.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Ресейге сапары қарсаңында ҚР Президентінің Телерадиокешенінің шығармашылық тобы Сочиге барып, алдағы уақытта жарық көретін деректі фильмнің түсірілім жұмыстарын жүргізді. Ерлан Бекхожин  аталған фильмге орай Ресей Президенті Владимир Путиннен сұхбат алды және өзінің «Үлкен саясат сыртындағы әңгімелер» («За кулисами большой политики») атты кітабын сыйға тартты.  

Соңғы жаңалықтар