Владимир Путин: Нұрсұлтан Назарбаев еуразиялық интеграцияға сүбелі үлес қосты

None
None
МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин үкімет мүшелерімен кездесуде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың еуразиялық интеграцияға қосқан сүбелі үлесін атап көрсетіп, бірге атқарған табысты еңбегі үшін алғыс білдірді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-ның меншікті тілшісі.

«Бізге ең жақын көрші елде қандай саяси оқиғалар болып жатқанын көріп отырмыз. Олар саяси басшылықтың алмасуына байланысты. Сабақтастықтың қамтамасыз етілетініне үміт артамыз. Бірақ, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жоғарғы мемлекеттік лауазымын тапсыруына байланысты, оған бірге атқарған еңбегі үшін көп рахмет айтып, денсаулық, сәттілік тілеуге барша негізіміз бар.

Ол елдеріміз арасындағы озат интеграцияның бастамашыларының бірі, ЕАЭО авторы деуге болады. Бұл жоба оның тікелей қолдауының, осы іске атсалысқанының арқасында табысты дамып келеді. Өз тарапымыздан осы процестерді жалғастыру үшін барымызды саламыз», - деді Ресей басшысы РФ үкімет мүшелерімен кездесуде.

Автор: Медет Ахметов

Соңғы жаңалықтар